Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
Біліктілігі: 0201023 – Заңгер кеңесші
Оқу мерзімі:
— Негізгі орта білім базасында (9 с.) – 2 жыл 10 ай;
— Жалпы орта білім беру базасында (11 с.) – 1 жыл 10 ай;
— Сырттай оқу бөлімінде – 1 жыл 10 ай
Кәсіби жұмыстың объектілері болып табылады:
- еңбек ұйымдарындағы, жұмыспен қамтылу және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарындағы, жергілікті орындаушы органдарға, жұмыспен қамту орталықтарындағы, адрестік әлеуметтік көмек көрсету бөлімдеріндегі, үйдегі әлеуметтік көмек көрсету бөлімдеріндегі, сондай-ақ басқа да әлеуметтік қорғаныс органдарындағы жұмыс;
- жергілікті орындаушы органдарындағы, басқа да мемлекеттік басқарма органдарында, сондай-ақ құқықтық сипаттамадағы құжаттарды жасау мекемелер мен ұйымдардағы, түрлі құқықтықьқұжаттарды рәсімдеу бойынша жұмыс
Кәсіби жұмыс түрлері:
- кеңестік: құжаттарды рәсімдеу барысында құқықтық көмек көрсету;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық: қоғамдық ұйымдармен, қайырымдылық қорлармен, еңбек ұжымдарымен;
- әлеуметтік-психологиялық: қызмет көрсетушші контингентіне әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету;
- әлеуметтік қызмет көрсету және көмек: әлеуметтік қызметке мұқтаж тұлғаларды анықтайды және оларға көмек көрсетеді;
- кеңестік: кәсіпорынның салалық бөлімшелеріне және түрлі құқықтық құжаттарды рәсімдеуде кәсіпорынның бөлімшелері мен қоғамдық ұйымдарға құқықтық көмек көрсетеді;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық: қызметкерлерге ұйымдастырушылық, құқықтық басқарушылық сұрақтар бойынша кеңес береді;
- мемлекеттік-құқықтық: қолданыстағы заңнамалық құқықтық актілерді жүйелі түрде есептеу және сақтау жұмысын жүргізеді; оларды жою, өзгерту, және толықтырулар белгілерін жасайды, заманауи технологиялар мен есептеуіш құралдарды пайдалану негізінде анықтамалық құжаттамаларды дайындайды;
- шаруашылықтық-құқықтық: кәсіпорын жұмысында пайда болған құқықтық сұрақтар бойынша қорытындыларды дайындауға көмектеседі, сондай-ақ кәсіпорынның әрекетін жетелдіру бойынша ұсыныстарды дайындауға көмектеседі.